Семейде Абайдың өмірі мен шығармашылығын баяндайтын жаңа кітап оқырманға ұсынылды

«Абай» музейінде «Степной титан» кітабының тұсаукесері өтті. Туындыда тұңғыш рет қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың өмір жолы тарихи-көркемдік тұрғыда ұсынылған. Оның ерекшелігі – Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты маңызды деректер тарихи-философиялық эссе ретінде хронологиялық ретпен берілген. . Ал, кітаптың авторлары Абай музейінің директоры әдебиеттанушы-философ Тұрдықұл Шанбайұлы және «Художественная литература» баспасының бас редакторы, академик, Ресей әдебиет академиясының вице-президенті Георгий Пряхин.

– Менің достарымның бірі, көрнекті орыс жазушысы, академик және “Художественная литература” баспасының бас редакторы Георгий Пряхин Абайдың өмірі мен шығармашылық жолы туралы кітап шығару идеясын ұсынды. Бұл кітап тек тарихи фактілерді ғана емес, сонымен қатар заманауи оқырманға ыңғайлы оқу үшін көркемдік бояуы бар кітап, – дейді кітап авторларының бірі, Абай мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директоры Тұрдықұл Шанбай.

Кітап 2021 жылы Мәскеуде «Восточный экспресс» баспасында басылып шықты.  1000 дана тиражы бар кітап өткен жылдың күзінде Мәскеу халықаралық кітап жәрмеңкесінде ұсынылды.

Семей қ. ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *