Семейде робототехникадан қалалық чемпионат өтті

Семейдің 328 оқушылары робототехника, бағдарламалау, 3D-модельдеу бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.

“Чемпионат оқушылардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін өткізіледі. Сондай – ақ,  қабілетті және дарынды оқушыларды анықтауға, сондай-ақ техникалық құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларын үйретуге көмектеседі”, – деді білім беру бөлімінің әдіскері Альфия Нигматуллина.

Балалар “Сумо”, “Кегельринг”, “Робосумо адымдайтын Роботтар” және “Танк биатлонында” жарысты.

Теміржан Жанаспаев, Әділ Қадылов , Советхан Нұрдәулет , Анатолий Митрофанов, Богдан Боровиков және Алмат Қасымхан үздік атанды.

Енді олар сәуір айында өтетін чемпионаттың облыстық кезеңінде шеберліктерін көрсетулері керек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *