Семейде 8 наурызға қарсы көрме ашылды

Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы музейде семейлік суретші, Семей қ. Шәкәрім университетінің өнер және музыка кафедрасының оқытушысы, ҚР суретшілер одағының мүшесі Талғат Тәтиевтің көрмесі ашылды. Бұл суретшінің алғашқы жеке көрмесі.

Көрмеге суретшінің жеке топтамасындағы, сондай-ақ музей қорындағы түрлі жылдардағы жұмыстар қойылды. Олардың көбі абстрактілі сипатта. Музей қызметкерлерінің айтуынша, келушілер автордың шығармаларынан объективті дүниенің танымал кескіндерін көре алады. Мысалға, атмосферасы бар жарқын натюрморттар жақындап келе жатқан көктемді білдіреді. 

–           Мен, менің жеке көрмеме қолдау білдіргендердің бәріне алғыс айтқым келеді және әйелдер қауымын алда келе жатқан халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Көшеде қар жатқанына қарамастан, мен көрермендеріме ашық түстер мен көктемгі көңіл-күй сыйлайтын гүлдерді көрсеткім келді, – деп түсіндірді көрме авторы Талғат Тәтиев. 

Көрмеге барлығы майлы бояу техникасында жасалған 60 жұмыс қойылды.

 

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *