Семейде туберкулез бойынша жағдай тұрақты

Соңғы 5 жыл ішінде науқастану 1,8 есеге төмендеді. Өлім-жітім көрсеткіші 1,7 есеге азайды. Бұл туралы мамандар Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында айтып берді.  

–           Қалада туберкулезді ерте баста анықтау бойынша халықаралық стандарттарға сай диагностиканың заманауи әдістері қолданылады. Фтизиопульмонология және оңалтудың аймақтық орталығында туберкулезді диагностикалауды жылдамдататын озық инновациялық зертханалар технологиясы енгізілген. Туберкулез уақытылы ерте баста анықталса және емделсе, онда адам толықтай сауығып кетеді. 2018 жылдан бастап, ДДҚ-мен ұсынылған жаңа препараттарды пайдалана отырып туберкулезді емдейдің инновациялық жолдары енгізілді. Сонымен қатар, профилактика, диагностика және емдеу тегін жүргізіледі, – деді фтизиопульмонология және оңалтудың аймақтық орталығын директоры Ерлан Шәкенов.

Баспасөз-конференциясы барысында туберкулезді алдын алудың әдістері туралы айтылды.

–           Ең басты алдын алудың әдісі, ол – екпе алу. Қалада туберкулезге қарсы екпе қойылуда. Бірінші екпені немесе вакцинацияны жаңа туған балалар дүниеге келгеннен кейін алғашқы төрт апта ішінде перзентханада алады. Бүгінгі күні Семейде жаңа туған балалардың 95,4% вакцинация алды. Туберкулезге қарсы екпе алған балалар, екпе алмаған балаларға қарағанда 15 есе аз ауырады және оны жеңіл өткереді, – деп түсіндірді Семе қ. эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Шолпан Садықова.

Жалпы, туберкулезды алдын алудың шаралары:

-Балалар үшін – БЦЖ вакцинасымен екпе алу, ол бәрінен бұрын менингит туберкулезінен және ауырудың таралған ауыр түрінен қорғайды.

– Жыл сайынғы флюорографиялық зерттеулер.

– Салауатты өмір салтын ұстану (дұрыс тамақтану, спортпен белсенді шұғылдану, толыққанды демалыс, шылым шекпеу және ішімдік ішпеу).

– Жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *