Семейде Наурыз мерекесі тойлануда

Бүгін қала алаңдары адамға лық толы. Бұл жерде қала жұртшылығы және қала қонақтары үшін мерекелік концерттер мен театралдық көріністер қойылуда. Алаңдарда киіз үйлер тігіліп, түрлі мерекелік атрибуттармен безендірілген. Қала тұрғындары дәстүрлі наурыз-көжеден және хош иісті бауырсақтан дәм татуда. Сонымен қатар алаңдарда спорттық күш сынасулар өтуде және сәндік-қолданбалы өнер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Қала тұрғындарын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов құттықтады.

«Наурыз – бұл тек жаңа жылдың символы ғана емес, сонымен бірге молшылық мерекесі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Семей аймағында Абай облысы құрылатын болды. Бұл Қазақстанның рухани орталығына экономика саласында ғана емес, сонымен қатар басқа да салаларда дамудың жаңа кезеңін береді. Бізде жалғыз ғана Отанымыз бар – ол Қазақстан. Бейбітшілік пен келісім – біздің басты құндылықтарымыз. Әрбір отбасына бақыт пен сәттілік тілеймін. Наурыз мерекесі құтты болсын!».

Осы күні Даниал Ахметов семейліктерге және жақын аудандардың тұрғындарын мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Қазақстан Республикасы президентінің Жарлығымен, «Парасат» орденімен № 1 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылғанбалалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерві спорттық мектебінің директоры Мерейғалы Көшкінов марапатталды. «Құрмет» орденімен Семей қ. мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов және Тарбағатай ауданы Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебінің жаттықтырушысы Бақытөмір Шолғұмбаев марапатталды. «Шапағат» медалімен Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің студенті Мерейбек Мағабілов және Зайсан ауданының еңбек ері Раиса Шотаева марапатталды. Қазақстан Республикасы президентінің «Алғыс» төсбелгісімен  «СемАз» ЖШС директоры Әсемхан Досқұжанов, Өскемен қаласындағы «Элхон» ЖШС директоры Лукбек Тумашинов және Семей медициналық университетінің балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Имдат Эфендиев марапатталды.

Мереке кешке дейін жалғасады. Мереке сағат 21:00-де мерекелік отшашумен аяқталады.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *