Семейде қала жолдары жиегіндегі еріген суларды және жаңбыр суларын соруға 16 млн теңге бөлінді

Жоспарда 25 мың м3 еріген суды сорып шығару және 5000 м3 инертті материалды жеткізу жоспарланған. Жеткізуші болып «Семей Тазалық» ЖШС анықталды. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауапты органдардың өкілдері айтып берді. 

–           5 – 11 наурыз аралығында қала тұрғындарынан 939 тапсырыс түсті. Бүгіндері 4 800 м3 су сорып шығарылды. Су басқан жерлерге 576 м3 инертті материалдар жеткізілді. Биылғы жылы дренажды және нөсерлі канализацияны ұстауға 114 млн теңге бағытталды. Қазіргі уақытта резервуарларда сорып шығару және еріген сулардың ағуы үшін канализация құдықтарының қақпақтарын ашу жұмыстары жүргізілуде, – деп айтып берді Семей қ. жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жасар Тусупов.    

Жалпы Семей өңірі бойынша жағдай тұрақты. Ертіс өзенінің деңгейі 450 см сыни деңгейде 149 см құрайды.

«Бүгінгі күні Ертіс өзеніндегі мұз Мирный кентіне дейін ашылды, ағыстың  төмен жағында жыралар бар. 5 наурызда Мирный кентінде, Ипподром ауданында Ертіс өзеніндегі мұздарды жару жұмыстары жүргізілді. Жару жұмыстарын «KAZ EXPLO SERVICE» ЖШС жүргізді. Жергілікті атқарушы органдармен жеке сектордан 15 000 текше метрдегі, қала көшелерінен 7214 текше метрдегі еріген су сорып шығарылды», – деп түйіндеді Семей қ. ТЖ басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғаныс подполковнигі Ернар Жәлелов.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *