Семейде волейболдан әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионаты өтеді

24 сәуір мен 1 мамыр аралығында Семейде волейболдан әйелдер командалары арасындағы клубтық Азия чемпионаты өтеді.
Қарағайлы шағын ауданындағы «Арена» мәдени-спорттық кешенінде өтетін бәсекеге әйелдер арасындағы волейболдан сары құрылықтың ең үздік алты командасы қатысады. Чемпионат аясында Жапония, Таиланд, Өзбекстан, Иран және Қазақстан елдерінің командалары өзара мықтыны анықтайды. Еліміздің намысын «Алтай» (Өскемен қ., ШҚО) және «Қуаныш» (Петропавл қ, СҚО) клубтары қорғайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, кәсіби клубтар арасындағы волейболдан қазіргі Азия чемпионы шығысқазақстандық команда болып табылады. Байрақты бәскеде топ жарған «Алтай» волейбол клубы өткен жылы финалға шығып, алаң иелері таиландтық Nakhon Ratchasima QminC командасын 3:0 есебімен жеңген болатын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *