ЭКСПОРТҚА ТИЫМ САЛЫНҒАН ТАУАРЛАР

ӨКҚ-де өткен баспасөз конференциясында  ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Салық кодексіне енгізілген бірқатар өзгерістер күшіне енгені және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына кіретін тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығы жайлы ШҚО МКД басшысы орынбасарының м.а. Руслан Нұрлыбеков мырза айтып өтті.
Атап айтқанда, ҚР СК 444-бабының 7-тармағына сәйкес салық органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде салық салынатын импорттың мөлшерін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен түзетуге құқылы.
Импорт кезінде бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілген. Бүгінгі күні тізбеге алкоголь өнімінің жекелеген түрлері ғана енгізілген. ЕАЭО елдерінен белгілі бір тауарларға бағалардың ең төменгі деңгейін енгізу ,әкелінетін тауарлардың құнын төмендету фактілерін болдырмау, өзекті салық салынатын базадан ҚҚС алу, отандық өндірушілер мен адал кәсіпкерлерді қолдау және қорғау мақсатында іске асты. «Сонымен қатар, кейбір тауарлар үшін жекелеген өлшемшарттар көзделген: ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан жеке тұлғаның атына тауарларды 1 жыл ішінде мынадай мөлшерде әкелу көзделгенін айта кеткім келеді. теріден жасалған бұйымдар, оның ішінде бас киімдер – бір адамға бір атаудағы 1 заттан артық, ұялы телефон-бір адамға 2 бірліктен астам, зергерлік бұйымдар-бір адамға 5-тен астам зат,  балалар арбасы – бір адамға 2 бірліктен астам, көлік құралдары, оның ішінде құрастырылмаған түрде1  бірліктен астам болады» деді ШҚО МКД басшысы орынбасарының м.а. Руслан Нұрлыбеков мырза. Сонымен қатар, елдің экономикалық қауіпсіздігі мақсатында мынадай тауарларға ғана тыйым салу мен шектеулер енгізілді.  Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығымен Қазақстан Республикасының аумағынан 10 000 АҚШ долларына баламалы сомадан асатын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әкету күніне белгіленген бағамы бойынша есептелген қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салу енгізілді. Сондай-ақ 5, 10, 20, 50 және 100 грамм аффинирленген алтын құймаларын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын “ALTYN BARYS” алтынынан және “KÚMIS BARYS” күмісінен жасалған инвестициялық монеталарды, сондай-ақ 100 грамнан асатын аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынады. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 224 бұйрығымен алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен: мыс, алюминий, қорғасын қалдықтары мен сынықтары, сондай-ақ пайдаланылған қорғасын аккумуляторлары, аккумуляторлардың қалдықтары мен сынықтары, құрамында қорғасын, кадмий немесе қорғасын бар өзге де қалдықтар әкетуге енгізілді. Сонымен қатар 2022 жылғы 22 қаңтардан бастап алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан тірі ірі қара малды, тірі қой мен ешкілерді әкетуге тыйым салу енгізілді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 140 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағынан ақ қантты және шикі құрақ қантты әкетуге алты айға тыйым салынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *