Суға түсу маусымындағы қауіпсіздік шаралары

ӨКҚ- де өткен баспасөз конференциясында  су түсу маусымы кезінде, қайғылы жағдайлар орын алмас үшін, қаупісіздік ережелерін қатаң сақтау керек екенін ШҚО ТЖД  бастығының орынбасары Дәурен Ағажаевтың, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еламан Мұхтархановтың,  сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің басшысы Лисянский Андрейдің, госпитальдық бөлімшенің басшысы Тантыбаева Әлия мен медбрат Қадырбеков Нұрбектің қатысуымен өткен брифингте айтып өтті. Шығыс Қазақстанда 2 мыңнан астам су қоймасы бар. Адамдардың дәстүрлі түрде қалыптасқан жаппай шомылу орындарының барлығы бірдей шомылуға дайын емес, бұл суда жазатайым оқиғалардың болуының негізгі себебі болып табылады. Жыл басынан бері су айдындарында 3 адам қаза тапты, оның ішінде 1 бала. Брифингте ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Ағажаев «өңірдің су айдындарында жыл сайын азаматтардың өліміне әкеп соғатын себептерге назар аударды-бұл жабдықталмаған жерлерде шомылу, жүзе алмау, өз күштерін дұрыс бағаламау, балаларды қараусыз қалдыру және алкогольдік масаң күйде шомылу» деп айтты.
Шығыс қазақстан облысы әкімінің қаулысымен көпшілік демалатын 16 орын және тыйым салынған 116 орын анықталды. Бүгінгі күні қалалар мен аудандардың әкімдіктері нақты иелеріне жаппай демалыс орындарын бекіту бойынша жұмыстар жүргізуде. Облыс аумағында жабдықталған 6 жағажай бар: Өскемен қаласында – 2 жағажай (“Самал” жағажайы және “Голубые озера” жағажай Сол жағалау кешені); Алтай ауданында – Жаңа Бұқтырма кентіндегі жағажай және Прибрежный кентіндегі жағажай, Ұлан ауданында-“Голубые озера” жағажайы. Сібе көлдерінде 1-жағажай, Үржар ауданында – Алакөл жағажайы.  Бүгінде өңірде жағажайларды зерттеу дайындық жұмыстары жалғасып жатыр.  Суға шомылуға арналған балалар орындары барлық жерде жабдықталмаған, құтқарушылар мен дәрігерлердің стационарлық бекеттерін толық жабдықтау, азаматтардың жүзуін шектеу үшін арнайы белгілер қойылып жатыр.  Облыстың барлық демалыс орындарының иелеріне су айдындарында шомылу маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс-шараларды орындау қажеттілігі туралы хаттар жіберілді. ШҚО ТЖД ” ШҚО суларындағы құтқару қоғамы “қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, жаппай шомылу орындары акваторияларының түбін тексеру және тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде, бүгінгі күні 30-дан астам қоғамдық құтқарушы оқытудан өтті. Сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп қауіпсіздік белгілерін орнату бойынша жұмыс жүргізілді, полиция қызметкерлерін тарта отырып, рейдтік іс-шаралар өткізілетін ықтимал қауіпті учаскелерде және шомылуға тыйым салынған орындарда 157 тыйым салу және ескерту белгілері орнатылды. Полиция қызметкерлерімен бірлесіп патрульдеу ұйымдастырылады, оның нәтижелері бойынша “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 364 – бабын – “ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу” және 440-бабын “алкогольді ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу” бұзған адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартатын болады. Шомылу маусымы қарсаңында балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінбек.  Мектеп, лагерь директорларымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша нұсқаулықтар өткізілді, облыс мектептерінің оқушылары үшін интерактивті сабақтар ұйымдастырылып жатыр. Ал брифинг соңында ақ халатты абзал жандар Әлия Тантыбаева мен Нұрбек Қадырбаев суға батып бара жатқан адамға қалай көмек көрсетуге және реанимациялық іс-шаралар өткізу жайлы айтып берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *