ШҚО халықаралық айтыс пен Balkaragai Tunes этнофестивалі өтеді

Ертең, 1 шілдеде халықаралық айтыс пен Balkaragai Tunes этнофестивалі өтеді. Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген танымал айтыскерлер сағат 10.00-де Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауылындағы стадионда өтетін Халықаралық айтысқа қатысады. Іс-шара 20.00-де Balkaragai Tunes этнофестивалімен жалғасын табады.

Алтай тауларының етегінде алғаш рет өтетін халықаралық айтыстың жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Бас жүлде – 5 миллион теңге.

            Айтысқа Бекарыс Шойбеков, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Еркебұлан Қайназаров және басқа да белгілі ақындар қатысады. Айтыскерлер өнеріне Ұлықбек Есдәулетов, Серік Қалиев, Дәулеткерей Қапұлы, Алмас Ахметбек және Серік Құсанбаев қазылық етеді. Айтысты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізеді.

            Халықаралық айтыстың тақырыбы «Алтайдай жер қайда?!».

Әдемі айтыс этникалық әуендер фестивалімен жалғасады.  Сағат 20.00-де Balkaragai Tunes этнофестивалі басталады. Фестивальге ODUCHU (Тува, Ресей Федерациясы) тобымен бірге Тыва Республикасының еңбек сіңірген әртісі және этникалық музыка жанрындағы танымал әнші Сайзан Сюрюн, Қазақстанның жетекші этномузыканты Еділ Құсайынов және модерн-этноджаз бағытындағы Steppe Sons (Қазақстан) тобы қатысады.

 Фестиваль Алтай қазақтарының мұрасын, түркі тарихы мен мәдениетін жандандыруға арналған. Көрермендер назарына музыканттардың өнерімен қоса эксперименталды музыкалық коллаборация ұсынылады.

 

Уақыты: 1 шілде, сағат 10.00

Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы,Катонқарағай Стадионы

Байланыс: +77028883138

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *