Сайлау учаскелерінде Өскемен тұрғындарына бір тонна бауырсақ таратылды

Шығыс Қазақстан облысы орталығының тұрғындарын сайлау учаскелерінде жылы қарсы алды. Бүгін ел Президенті үміткерлеріне дауыс беруге келгендерге бір тонна бауырсақ таратылды.

20 қараша күні таңертең сайлауға барған көптеген өскемендіктерді жағымды тосын сый күтіп тұрды. Сайлау учаскелерінде Қазақ ұлттық тағамдарынан дастархан жайылды. «Сайлау учаскесіне келгенімде, тосын сый күтіп тұрды десем артық айтпағаным болар. Бауырсақтан дәм таттық, дауыс бердік.  Өте керемет. Бауырсақтың дәмі тіл үйіреді,» – деп Өскемен қаласының тұрғыны Әсел  өз әсерімен бөлісті.

Айтулы күні қала кәсіпкерлері 112 сайлау учаскесінде дәм тату үшін дастархан жайды.

Катонқарағай ауданындағы учаскелерде де сайлаушыларды ыстық шай мен жылы бауырсақтармен қарсы алды. Үлкен Нарын ауылының кәсіпкері Айтжамал Нұрпейісова жерлестеріне өз өнімдерін сыйлады. «Бүгін еліміз үшін қуанышты күн.  Барлық дауыс берушілерді жылы қарсы алуда. Бұл үшін рахмет! Біздің республикамыздың жарқын болашағы, ел жастары лайықты және табысты болсын! Мен Қазақстанымыздың жарқын ертеңіне сенемін!» – деді жергілікті тұрғын Гүлнази Амангулова.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *