Шығыс Қазақстанның спортшылары мен жаттықтырушылары облыс әкімінің өкілеттігін ұзартуды қолдайды

Соңғы жылдары жаппай спортты, әсіресе балалар спортын дамытуға орасан зор қаражат пен күш жұмсалуда.

Өңір басшысы Даниал Ахметовтің басшылығымен облыста әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін халықаралық стандарттарға сай спорт нысандары салынуда. Солардың бірі, әрине, Өскемендегі үстел теннисі орталығы, мұнда қазір кәсіпқойлар да, әуесқойлар да жаттыға алады. Облыстың спортшылар қауымы көптеген балалар өздерін осы спорт түрінен тапқысы келетініне сенімді, өйткені орталықта нағыз чемпиондарды тәрбиелеген ең үздік жаттықтырушылар жұмыс істейді.

Шекара маңындағы аудандарда және бұрынғы аудан орталықтарында да үлкен жұмыстар жүргізілуде. Мұнда осы елді мекендерді дамыту бағдарламалары аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынуда, ірі ауылдарда бұл жобалардың қатарына бассейндер қосылады. Яғни,  әр адам өзі ұнатқан спорт түрімен айналыса алады. Сонымен қатар, облыстағы барлық ірі спорттық ғимараттар мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктеріне сәйкес келеді, өңірде балалар мен жасөспірімдерге арналған 1200-ден астам тегін секциялар жұмыс істейді.

 Кәсіби спортшылар да үлкен жетістіктерге қол жеткізуде, мысалы, “Алтай” волейбол клубы бірнеше жыл ішінде жергілікті командадан халықаралық чемпионаттардың жүлдегеріне айналды. Әуесқой футболды насихаттау және кәсіби футболды дамыту мақсатында УЕФА стандарттарына сәйкес келетін жабық футбол манежін салу мәселесі қарастырылуда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *