ШҚО медицина қызметкерлері үшін Латвиядан келген дәрігерлер тәжірибелерімен бөлісентін болады

2017 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында шет елдердің клиникаларында медицина қызметкерлерін оқыту бағдарламасы жұмыс істейді. Аймақтың 400-ге жуық дәрігері Германия, Израиль, Латвия, Польша, Лондон және Мәскеудегі медициналық ұйымдарда оқыды. 2023 жылдың сәуірінде облысқа Латвиядан  дәрігерлер келіп, берген білімдерінің сапасын тексеретін болады.. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасының бас дәрігері Сергей Попов айтып берді.

“Латвиядан анестезиолог, эндоскопист дәрігер және оның көмекшісі келеді. Олар командалық жұмыстарын көрсетеді. Сондай-ақ, берген білімдерін де бақылайды. Алған білімдерін дәрігерлер қаншалықты түсінгендерін және тәжірибеде қалай дұрыс қолданылатынын тексереді. Бұдан біз дәрігерлерді оқуға жіберіп қана қоймай, тәлімгерлікті де жүзеге асыратынымызды түсінуге болады”, – деп атап өтті Сергей Попов.

Сонымен қатар, келесі жылы ШҚО-дан шетелге оқуға тағы 21 маман барады.

“Дамуды қажет ететін басым бағыттары ана мен бала, онкология, травматология, кардиология, анестезиология және реаниматология   болып қала бермек. Олар жаңа технологияларға мұқтаж және олардың дамуы біздің денсаулық сақтау жүйеміздің дамуына тікелей байланысты”, – деп толықтырды ол.

Брифинг соңында спикер дәрігерлер үнемі білімдерін жетілдіріп отыру керек екенін атап өтті. Ал дәрігерлердің біліктіліктерін арттыруда шығыс Қазақстан облысындағыдай жағдай жасап отырған елімізде еш өңір жоқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *