БУЛЛИНГ ҚҰРБАНЫ БОЛМАС ҮШІН

 Елімізде соңғы кездері жасөспірімдер   буллингтің құрбаны немесе қатысушысы болуда. Буллинг сөзі ағылшын тілінің bully, яғни қорқыту ұғымын береді. Бұл физикалық агрессия­ны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Мұндай теріс әрекеттер физикалық байланыс, сөздер немесе басқа да әдістер түрінде болуы мүмкін. Бүгінде мектеп оқушылары, колледж, ЖОО студенттері арасында буллинг немесе кибербулингке ұшырап жатқанын білмей қалуда. Мәселен олар бір-бірлерін кемсіту,  бей әдеп сөздер айту, күш қолдану секілді әрекеттері арқылы  жүзеге асып жатыр. Өскемен қаласындағы колледждердің бірінде кездесу өткізіп,  Буллинг түрлері мен зияны жайлы айтқан “Феникс”  атты үкіметтік емес ұйымның директоры Назигүл Ахметқалиева ханым өз ойын былай жалғастырды. “Қазіргі таңда әсіресе мектеп оқушылары және колледж студенттері арасында буллингтің кең етек алып бара жатқаны өте өкінішті. Біз бұл проблеманың алдын алып,  қоғам болып күресуіміз керек. Өйткені біреуді кемсіту,  ар-ожданына тиетін ауыр сөздер айту арқылы  кей жағдайда өз тарапына  жақын қабыл алған жандар депрессияға түсіп,  психологтардың көмегіне жүгініп жатады. Сондықтанда біздің мақсатамыз осы дерттің соңы жақсылыққа апармайтынын мейлінше түсіндіру”,-дейді  Назигүл ханым. Жиынға қатысқан  әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы жергілікті полиция бөлімінің аға инспекторы  Алена  Мокина жасөспірімдерге зорлық-зомбылықтан аулақ болып, егерде құрдастары тарапынан буллингке ұшырап жатса ата-анасына, Өскемен қаласындағы дағдарыс орталықтың сенім телефонына хабарласуға болатынын жеткізді. ” Біз бүгінгі таңда осы буллинг оның түрлері және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін үнемі кездесулер өткізіп, профилактикалық жұмыстарды өткізіп тұрамыз. Әсіресе ішімдікке құмар отбасылардың үйлеріне жиі барып,  жанұя мүшелерімен жүздесу дәстүрге айналған. Соңғы кезде отбасында әйелдердің зорлық-зомбылыққа ұшырауы азайып келеді. Бұл да бір біздің жұмысымыздың жемісі деуге болар”,-дейді Алена Мокина.  Буллингтің алдын алу мәселелерінде оқушылардың өзін-өзі басқару органдары үлкен рөл атқарады, 342 мектепте 311 мектеп парламенті құрылды, оның ішінде 16 800 баланы қамтитын 2380 фракция бар. “Құқық” фракциялары Балалардың құқықтарын қорғауға қатысты НҚА-ны талқылайды, профилактикалық іс-шаралар өткізеді. Бұдан басқа, “Мектеп медиациясы” жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде 56 қоғамдық медиаторды тарта отырып, 10 медиация кабинеті жұмыс істейді, олар психологтармен  кез келген мәселелер мен жанжалдарды бейбіт жолмен шешу дағдыларын қалыптастыру бойынша консультациялық көмек көрсетеді.

Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» аясында өткен іс-шара соңында өмірлік қиын жағдайға тап болған немес булингке ұшыраған кезде Өскемен қаласындағы дағдарыс орталығының 8 (7232) 771922 сенім телефонына хабарласуға болатынын жеткізді. Сонымен үкіметтік емес секторы полициямен және білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастық орнатқанның арқасында буллинг, зорлық-зомбылық сияқты факторлардың алдын алуға бірлесе күш жұмсамақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *