Даниал Ахметов: “Риддер ЖЭО не мемлекеттік меншікке беріледі, не біз инвестор табамыз”

Бүгін таңғы сағат 7-де жанармай беру цехында өрт шыққан Риддер ЖЭО-на өңір басшысы Даниал Ахметов келді. Екі сағаттан аз уақыт ішінде өрт жойылды. Әрине, жылу беру мәселесі қазір Риддердің барлық тұрғындарын алаңдатады, бірақ алаңдауға негіз жоқ. Облыс әкімінің айтуынша, барлық төрт қазандық жұмыс күйінде, станция уақытша отынның басқа түріне-мазутқа ауыстырылған.

“6 қараша, бірінші апаттан бастап Риддер ЖЭО иелері жағдайды түзету бойынша іс жүзінде ешқандай әрекет жасаған жоқ, қазір тек облыс әкімдігінің кепілдіктерінің арқасында Қаражырадан көмір және Қазмұнайгаздан мазут жеткізіліп жатыр, – деп атап өтті Даниал Ахметов.

– Құрылыс және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарына шамамен 600 миллион теңге жұмсалды, қазір станция жұмыс істеуге қабілетті күйде. Мұнда төрт жыл бойы ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Технологиялық тәртіп сақталмады, аспирация және желдету жүйелері іс жүзінде жұмыс істемейді, нәтижесінде көмір шаңы көп жиналады. Біз бірнеше рет ескертулер жасадық, бірақ станция иелері проблемаларды шешу үшін ештеңе істемеді.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары Риддер ЖЭО иелеріне қатысты тергеу жүргізуде, ол аяқталғаннан кейін ЖЭО-ның арғы тағдыры туралы мәселе шешілетін болады.

– ЖЭО не мемлекеттік меншікке беріледі, не біз Риддер халқының алдындағы барлық шарттық міндеттемелерді орындауға дайын инвестор табамыз”, – деп қорытындылады өңір басшысы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *