Катонқарағай ауданында 2023 жылы 4,4 миллиард теңгеге 62 жоба іске асырылмақ

Катонқарағай ауданының 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімі өткен жылмен салыстырғанда 123,7% – ға, инвестициялар көлемі 138,1 %-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 130,6 % – ға, бөлшек сауда көлемі 123,7% – ға өсті. Жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілерінің саны 108,4% – ға артқан. Катонқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022 жылғы көрсеткіштері және 2023 жылы алда тұрған міндеттері туралы Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникация қызметі алаңында Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқан брифинг барысында айтып өтті. Катонқарағай ауданы 2022 жылды жақсы табыстармен аяқтады деп айтуға негіз бар. Агроөнеркәсіптік кешенінде 1,1 миллиард теңгеге 8 іс-шара іске асырылыпты. 2025 жылға дейін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша Ұлттық жоба аясында 45,0 миллион теңгеге 2 жобаға кредиттер беріліп, бұқтырылған ет өндіретін цех ашылып және шаруа қожалығы 100 бас сауылатын ірі қара мал сатып алды.”Бизнестің жол картасы – 2025″ аясында 123 миллион теңгеге 23 кәсіпкер несие алыпты. «”Ақ-Ниет” бағдарламасы аясында 20 миллион теңгеге Үлкен Нарын ауылында жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту жобасы іске асырылды. 1,0 миллиард теңгеге 48 бірлік техника сатып алынды.Туризм және кәсіпкерлік саласында 2,3 миллиард теңгеге 9 іс-шара орындалды. 1,5 миллиард теңгеге Өрел ауылында “Муз Тау” эко қонақ үйі салынды, Приморское ауылында 500 миллион теңгеге “Приморск” демалыс базасы кеңейтілді. 2022 жылдың шілдесінде 4 елден келген ақындардың қатысуымен (Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей) «Алтайдай жер қайда?!» -атты халықаралық айтыс және «Balkaragai tunes»- атты халықаралық этно-фестиваль ұйымдастырылды»,- деді Ділдар Қалиқан. Сонымен қатар ауданда Байланыс және интернетпен қамтамасыз ету бойынша өткен жылы 15 елді мекен қамтамасыз етіліпті. Ал сумен және жылумен қамтамасыз ету саласында – 467,8 миллион теңгеге 8 іс-шара іске асырылыпты. 5 ауылдык округтің су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізіліпті. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 елді мекенге көше жарығы орнатылыпты. Катонқарағай ауданында әлеуметтік саланың дамуынада ерекше көңіл бөлініп жатқанын аудан әкімі брифинг барысында айтып өтті. «Әлеуметтік салаға 1,3 миллиард теңге бағытталды. 3 мектепке ағымдағы жөндеу жүргізілді. 41,9 миллион теңгеге Ақмарал, Қызыл Жұлдыз, Өрнек ауылдарындағы медициналық пункттеріне күрделі жөндеу жүргізілді. Ал Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Катонқарағай ауылында дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешенінің және Үлкен Нарын ауылында жабық бассейннің құрылыс жұмысы жалғасуда. Сонымен қатар мәдениет саласын дамыту мақсатында Үлкен Нарын ауылында өлкетану орталығын орналастыру үшін автобекет ғимаратын қайта жаңғыртылып , Топқайың ауылында ауылдық клуб салынды»,- деді Катонқарайғай ауданының әкімі. Өңірде 2023 жылға 4,4 миллиард теңгеге 62 іс – шараны іске асыру көзделініп, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен – 3,6 миллиард теңгеге 50 жоба және жеке инвестициялар- 803 миллионн теңгеге 12 жоба қарастырылғанын Ділдар мырза жеткізді. «Ағымдағы жылға жоспарланған жобалар ішінде аз қамтылған отбасылар үшін 91,0 миллион теңгеге 5 бір қабатты үй сатып алу, ауылдық округтердесу құбыры желілері мен құрылымдарын реконструкциялаужәне ағымдағы жөндеуден өткізу, көшелерді орташа жөндеу, Катонқарағай ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын және Үлкен Нарын ауылында жабық бассейн құрылысын аяқтау, Үлкен Нарын ауылындағы қазандық пен жылу желілерін ағымдағы жөндеу көзделініп отыр. Ал ауданда төтенше жағдайды болдырмау мақсатында Жамбыл ауылында Бұқтырма өзенінің жағалауын нығайту және Жұлдыз ауылынан солтүстікке қарай 0,5 км Нарын өзенінде су өткізу шлюзіне ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда»-,деді Ділдар Қалиқан. Айта кетейік биыл жазда облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен Еуропа елдерінің үлгісі бойынша пилоттық жоба «қонақтар отбасы» негізінде ШҚО-ның 500 баласы Катонқарағай ауданына қазақ тілін үйренуге барады. Дәл осы жерде балалар туған өлкенің тарихы мен дәстүрлерін, керемет табиғат аясында экскурсия жасауға мүмкіндік алмақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *