ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі ШҚО тұрғындарымен кездесті

Евгений Кочетов Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары барысында Глубокое ауданындағы отбасылар мен жастарға арналған әлеуметтік және мәдени нысандарды аралап, салалық кездесулер өткізді.
Өскеменде вице-министр көп балалы аналармен, қоғамдық пікірдің әйел көшбасшыларымен кездесті, Виртуалды және толықтырылған шындық құзыреттілігі және технологиялар трансфері орталығының қызметімен танысты.
Тұрғындармен кездесу аясында Евгений Дмитриевич отбасылық, гендерлік, жастар саясаты, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
– Отбасын қолдау, отбасылық жанжалдарды шешу және балалары бар әйелдерге уақытша тұру орталықтарын құру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2021-2022 жылдары республика бойынша 68 отбасын қолдау орталығы ашылды. 2025 жылға дейін тағы 143 орталық ашу жоспарланып отыр, – деді ол.
Мәселен, ШҚО – да 3794 көпбалалы отбасы тұрады, оның ішінде 2660-ында төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар. 152 аз қамтылған отбасы (2040 адам) атаулы әлеуметтік көмек алады.
Дарынды жастарды, оның ішінде түрлі гранттық жобаларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін іске асыру жалғасады.
– 2029 жылға дейін 1 миллион ауыл жастарын жұмысқа орналастыру, 1,5 миллион жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру, 3,8 миллион жастарды ресурстық орталықтар арқылы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Біз мектеп пен студенттік өзін-өзі басқаруды пікірталастарды дамытудан бастап, мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестеріне қатысуға дейінгі шешімдерді қабылдау процесіне мектеп қабырғасынан бастап біртіндеп тартатын боламыз,-деп толықтырды вице-министр.
Сондай-ақ, вице-министр уақытша жұмыспен қамтылмаған жастардың пайызын төмендетуге ықпал ететін жобалар туралы айтты. “Тұрақты негізде NEET санатындағы жастардың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатына жүйелі мониторинг ұйымдастырылатын болады. Нәтижесінде NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7% – дан (250 мың адам) 3,5% – ға дейін төмендейді. 2029 жылға дейін 18,2 мың жастарға жеңілдікті кредиттер берілетін болады. 2,3 млн жастарды және жоғары білімі бар 2,8 млн жастарды жұмысқа орналастыру жоспарлануда”, – деді ол.
Сонымен қатар, жастар мен волонтерлік бастамаларды дамытуға бағытталған жобаларды гранттық қаржыландыру ұлғаяды. Вице-министрдің айтуынша, жыл сайын жас ғалымдардың зерттеулеріне 1000 грант беріледі.
Сондай-ақ, ол жастарды қолдау, олардың әлеуметтенуі мен жеке дамуы үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау мақсатында “Astana Hub” – пен бірлесіп Жастар ресурстық орталықтарының базасында “IT Hub” ашу мәселесі пысықталып жатқанын хабарлады. Бұл жоба бағдарламалық өнімдерді әзірлеуде, оларды орналастыруда, масштабтауда және коммерцияландыруда жаңа білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ұлттық жастар пікірсайыс қозғалысын одан әрі дамыту және мемлекеттік тілде зияткерлік ойындар бойынша өңірлік және республикалық чемпионаттарды өткізу жоспарлануда.
Министрлік жетекшілік ететін Ақпарат және қоғамдық даму салаларындағы өзекті мәселелер мен проблемаларды шығысқазақстандықтар жеке қабылдау кезінде де айта алды. Ал кейін вице-министр қалалық ЖРО-ға барып, жастар көшбасшыларымен, жастар ресурстық орталықтарының директорларымен әңгімелесті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *