ШҚО-да миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынуда

Шығыс Қазақстанның инфрақұрылымдық даму бөлігінде тұрғын үй, әлеуметтік нысандар, инженерлік желілер мен жолдар құрылысының көлемін ұлғайту жалғасуда. 2023 жылы облыста 190 млрд.теңгеге 952 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда, оның ішінде жеке инвестиция көлемі 150 млрд. теңгеге 650 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үй салынуда. Жыл қорытындысы бойынша іске қосу 350 мың шаршы метрді құрайды.

“Көпбалалы отбасылар үшін өткен жылы 3 млрд теңгеге 228 пәтер салынды. Ағымдағыжылытағы 203 көпбалалыотбасытұрғынүйменқамтамасызетіледі, оныңішінде 145 отбасыауылтұрғындары, олардың 93 – і аз қамтылған отбасынан”, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындай отырып, осы жылдың соңына дейін 22,3 млрд теңгеге іске асырылып жатқан 24 жобаның 13-і енгізілетінін атап өтті. Ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту 95,4% – құрап отыр, 2023 жылдың соңына дейін 97,1% – ға дейін ұлғаяды, – деді Д.Ахметов.

Бұдан басқа, өңірді дамытудың өзекті бағыты ШҚО халқын сапалы интернетпен қамтамасыз ету болып қала береді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың 363 елді мекенінің 160-ы сапалы мобильді интернетпен қамтылған. Қалған 203 ауыл 2026 жылға дейін кезең-кезеңімен интернетпен қамтамасыз етіледі.

“203 ауылдың 16-сында мобильдіинтернеткеқолжетімділікбиылжергілікті бюджет шеңберінде 1,3 млрдтеңгеге 19 антенна-мачталыққұрылыстұрғызужәнеұялыбайланысоператорларыныңқолданыстағылицензиялықміндеттемелерінорындауесебіненқамтамасызетілетінболады. 70 ауылда қолжетімділік ұялы байланыс операторларының қолданыстағы лицензиялық міндеттемелерін орындау есебінен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 2023 жылы 63 ауылда, 2024 жылы 7 ауылда. Қалған 117 елді мекендіқамтамасызету 2025 – 2026 жылдарішінде 2 бағытбойыншажүргізілетінболады: 1 бағыт – ұялыбайланысоператорларыныңқосымшалицензиялықміндеттемелерінеенгізужолымен 100 адамнанжәнеоданжоғары саны бар 69 ауыл; 2 – 100 адамнан кем саны бар 48 ауыл, спутниктік трансмиссия арқылыжәнеталшықты-оптикалықбайланысжелілері”, – дептүсіндірдіаймақбасшысы.

Сонымен қатар, өңірдің жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін өткен жылы 30 млрд теңге бағытталды, оның ішінде жолдарды жөндеу-14,5 млрд теңге.

“2023 жылы 10,3 млрд теңгеге 242 км және 11 млрд теңгеге елді мекендердегі 89 км көшелеріне орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар Жолдар үлесінің көрсеткіші 92% – ға жетеді”, – деді ШҚО әкімі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *