Даниал Ахметов Риддер ЖЭО-ның қазіргі инвесторлардың әрекетсіздігіне «Көңілі толмайтынын» айтты

Брифинг аясында ол кәсіпорынның кредиторлық берешегі бүгінгі күні 3,3 миллиард теңгені құрайтынын, жылу көзінің иелері көмір, мазут және электр энергиясын төлемейтінін, жұмысшыларға жалақы бермей жатқанын айтты. Станция облыстық және қалалық әкімдіктердің толық басшылығында, ЖАО-ның іс-қимылдарының арқасында ақпан айы үшін жалақы төленді, және де Риддер тұрғындарының үйлеріне жылу жеткізу жалғастыруда.

Коммуналдық меншікке беру – бұл ұзақ процесс, – деді Даниал Ахметов. “Біз басқаруды толығымен өз мойнымызға алдық, егер инвестор қазіргі жағдайдан шықпаса, біз басқа да тиімді шараларды қабылдаймыз.

Риддер ЖЭО-ның қазіргі иелері ұсынған ұсыныстарға байланысты сату-сатып алу жүргізу мүмкін емес. Алайда Даниал Ахметов станцияны ағымдағы жылдың қыркүйек айының ортасына дейін қалыпты жағдайға келтіру үшін барлық қажетті ресурстар тартылатынын атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *