2023 жылдың 25 сәуірінде Өскемен қаласында терроризмге қарсы жаттығу өткізілуде

Оқу – жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілерде террористік жағдайдың өрбуіне байланысты жедел қимылдау шаралары пысықталуда.

Сонымен қатар, бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған.

Өскемен қаласы тұрғындарын және қонақтарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырамыз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *