ШҚО-да жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 300-дей фактісі тіркелді

Ағымдағы жылдың басынан бастап облыс аумағында интернет-алаяқтықтың шамамен 300-дей фактісі тіркелді, оның 80% облыс және республика аумағынан тыс жерден жасалған. Интернет-алаяқтықтың әдістері мен түрлері көп және әр уақыт сайын күрделене түсуде деді Өскемен қаласы полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция майоры Азамат Рахадылов, Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Орал Рысбаев Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтып өтті.

Қазіргі уақытта интернет-алаяқтық – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға қатысты алдау және сенімге кіре отырып жымысқы әрекеттерін іске асырып, бүгінде қылмыстардың ең көп тараған түріне жатқызылуда. Интернет алаяқтықтың еңтанымал түрлеріне брифнгте Өскемен қаласы полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция майоры Азамат Рахадылов тоқталып өтті. «Ашық интернет алаңдарында, мысалы ОЛХ, Колеса, Крыша және әлеуметтік желілерде кездесетін тауарға немесе қызметке алдын ала төлем жасауды сұрау арқылы алаяқтарды жымысқы әрекеттерін іске асыруда. Соынмен қатар «Банк қызметкерлері» атынан қоңырау шалып, жәбірленушішің атына немесе шоттарына күмәнді операциялар жүргізіліп жатқандығы туралы сендіріп, олардың аттарына несиелер рәсімдейді немесе барлық қолда бар ақшалай жинақтарды толығымен алып тастау жайттары немесе жәберленушілірге қоңырау шалып өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері деп таныстыра отырып, танысы немесе жақын туысы проблемалық жағдайға тап болғанын және оны шешу үшін белгілі бір ақша қажет екенін айту арқылы да алаяқтық жасаған фактілер жетерлік»-, дейді Азамат Рахадылов.

Қазіргі уақытта қылмыстың бұл түрлері ең көп және кеңінен таралған. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін бірнеше қарапайым жағдайларды сақтау қажет деп атап өтті Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Орал Рысбаев. «негізі, естеріңізде болсын, банк қызметкерлері тіпті банк қауіпсіздігінің қызметкерлері ешқашан өз клиенттеріне қоңырау шалмайды. Сонымен қатар ешкімге және ешбір жағдайда өзінің жеке деректерін хабарлауға және беруге болмайды ЖСН, карточка нөмірлерін, Пин-кодтар мен СМС-тер және де карта ішкі жағындағы 3 таңбалы нөмірді. 2 аптада бір рет мобильді банкингтегі кодттар мен карта ПИН-кодтарын өзгертіңіздер»,- деді Орал Рысбаев. Құқық бұзушылықтардың осы түрлерімен күресу және қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында полиция қызметкерлері халықтың барлық топтарымен тұрақты негізде профилактикалық жұмыстарды жүргізуде. Қазіргі уақытта Полиция департаментінде интернет-алаяқтықты ашу және тергеу жөніндегі арнайы топ жұмыс жасауда, сондай-ақ осы айда «1 терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін «Киберпол» тобын ашу жоспарлануда екен. Брифинг соңында алаяқтар сізге қоңырау шалған болса ең бастысы бірінші кезекте тыныштық сақтап, күмәнді қоңыраулар мен СМС келіп түскен нөмірлерді бұғаттап, дереу 102 арнасына хабарласуыңызды сұраймыз деді спикерлер.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *