ШҚО-ның өнер ұжымдары жаңа маусымда көрермендерге тың жобалар әзірледі

Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ШҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Самат Қасенов, “Ертіс концерт” директоры Данияр Мерғалиев, ШҚО драма театры директорының орынбасары Дархан Нұралиновтың қатысуымен “ШҚО мәдениет басқармасына ведомстволық бағынысты театр және концерттік ұйымдардың маусымдық ашылу жоспары” тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Брифинг барысында сөз алған “Ертіс концерт” директоры Данияр Мерғалиев жаңа маусымға шығармашылық ұжымның қызу дайындықпен келгенін,алдағы жоспарларын жеткізді.

«Қала және қала қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында 25-ші тамыздан “Самал” саябағында әр жұма күні сайын “Big Band” джаз оркестрінің қатысуымен «Әуенді жұма» жобасы басталғанын айтқым келіп отыр. Кешкі концерттерге Ертіс концерті” шығармашылық ұжымдары, солистері, сондай-ақ ҚР шығармашылық ұжымдарының қатысуымен ашық аспан астындағы тақырыптық кешкі концерттер сериясы өтпек. Сондай-ақ, “Шырайлы Шығыс” клубтық құрылымдары арасында облыстық фестиваль өтеді деп жоспарлануда»,-деді “Ертіс концерт” директоры Данияр Мерғалиев.

Сондай-ақ Өскемен қаласында қыркүйек айының 22-23 күндері «Алтай халық театрлары” облыстық фестивалі 2Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында өтеді жоспарланған. Фестивальдің мақсаты халық театрларын жаңғырту, дарынды әртістер мен режиссерлерді анықтау және ынталандыру болмақ.”Алтай халық театрлары” облыстық фестиваліне Тарбағатай, Самар аудандары және Зайсан қалаларының Халық театрлары қатыспақ. Ал 26-шы қыркүйекте “Ертіс концерт” барлық шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымын ашу жоспарлап отыр. Концерттік бағдарламада жаңа туындылар мен хореографиялық қойылымдар көрермендерге ұсынылмақ.

Өңірдегі тағы бір руханияттың ордасы Шығыс Қазақстан облыстық драма театры жаңа театр маусымына қызу дайындықпен келіп, патша көңілді көрермендерді, өнер сүйер қауыммен Қазақ труппасы жаңа 24-ші маусымын 8 қыркүйекте Одің «Қаралхан Бөкейдің «Қар қызы» драмасымен, жастар труппасы 15 қыркүйек күні 9-шы маусымын Эдуардо Де Филиппоның «Призраки» спектаклімен қауышпақ. Ал орыс труппасы 29 қыркүйекте премьерамен яғни А. Аверченконың «Жизнь – штука веселая» атты қойылыммен 88-ші театр маусымының шымылдығын түреді.

-«Өнер ордасы мерейтойлық даталарды ескеріп, арнайы театр режиссерлерін шақыруды дәстүрге айналдырды. Биылғы жылы жерлесіміз Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына «Қар қызы» драмасына режиссерлік ету үшін Қазақстандағы топ-5 театр режиссерлерінің қатарындағы Дина Жұмабай шақырылды. Ал жаңа маусымда тәжікстандық режиссер Барзу Абдураззаковты шақырып, жаңа қойылым сахналау жоспарда бар. Барзу Абдураззаков осыған дейін осы театрда Эдуардо Де Филиппоның «Елестер» драмасын қойған болатын. Ал театрдың жастар труппасы Эдуардо Де Филиппоның «Елестер» драмасын орыс тілінде ойнап орыс тілді көрерменнің де ойынан шықты»,- деді ШҚО драма театры директорының орынбасары Дархан Нұралинов.

Айта кетейік соңғы жылдары орыс тілді көрермен тарапынан қазақша спектакльдерге қызығушылық артып келе жатқанына байланысты жаңа маусымнан бастап театрда 200 адамға арналған синхронды аударма іске қосылмақ. Бұл тың бастама орыс тілді көрерменге театр репертуарындағы таңдаулы туындылармен танысуға мүмкіндік береді деп отыр театр басшылығы.

«Жастарды қолдау мақсатында «TEATR ALL» театр студиясын ашу жоспарланып, концепциясы ШҚО әкімдігіне ұсынылды. Бұл жоба негізінде 14-35 жас аралығындағы, білімі мен жұмыс жасау саласына әртүрлі жастар театрға келіп педагогтерден, актерлерден сабақ алып, өздерін сахна өнерінде сынай алады»,- деп атап өтті Дархан Нұралинов.

ШҚО драма театры өткен маусымда 329 спектакльды көрермен назарына ұсынып, 62 230 адам тамашалауға келген екен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *