ШҚО бойынша ЖЭО дайындығы 82,3 пайызды құрайды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев өңір бойынша барлық ЖЭО-лар 82,3% – ға, оның ішінде қазандықтар 76,6% – ға, турбоагрегаттар 91,3% – ға дайын екенін айтып өтті. Гидроэлектростанцияларда жөндеу жұмыстары 87,7% орындалды. Сонымен қатар, өңірдегі 32 орталықтандырылған қазандықтырдың дайындығы 89%, жылумен жабдықтау желілері – 98,9%, сумен жабдықтау – 99,9%, су бұру – 99,7% құрап отырғаны брифинг барысында жеткізді.

– “Көппәтерлі тұрғын үйлер 97,5% – ға, бюджеттік ұйымдар 100% – ға дайын. Облыстың жылу желілерін техникалық тексеру толығымен аяқталды. Ағымдағы жылы Өскемен қаласы мен Глубокое кентінің 12,9 км жылу желілерін қайта жаңарту және салу бойынша 4 жобаны іске асыруға жалпы құны 3,6 млрд теңге республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінді. Қазір қажетті материалдар сатып алынды, 3,4 км құбыр монтажы жүргізілді”,-деді Дидар Кеңесбаев.

Сонымен қатар Риддер ЖЭО мен қаланың жылу желілерін жөндеу жұмыстары ерекше бақылауда, осы мақсаттарға ағымдағы жылы 8 млрд 945 млн теңге бөлінгенін брифинг барысында ШҚО құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев айтып өтті.

-“Жылыту маусымына уақтылы дайындалу үшін атқарушы органдар күрделі жөндеуден кейін қазандық агрегаттарын іске қосу бағдарламасын жасады, оған сәйкес ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап № 1, 2, 3 қазандық агрегаттарын жуу және гидравликалық сынау басталды.Осылайша, жылу маусымының басында № 1, 2, 3 қазандық агрегаттары дайын болады. Қалған қазандықтар келесі тәртіппен жүзеге асырылады: №4 қазандық агрегаты 15 қазанға дейін, № 5 қазандық агрегаты 20 қазанға дейін, № 6 қазандық агрегаты ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін.

Қазандық агрегаттарын пайдалануға берудің бұл кестесі температуралық кестеге сәйкес жылумен жабдықтау режимін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, – деді спикер.

Сонымен қатар брифингте ЖЭО мен ШҚО жылу көздерінде 263,9 мың тонна көмір қоры жинақталғаны айтылды. Күзгі-қысқы кезеңдегі көмірдің жалпы қажеттілігі 3 097 мың тонна, оның ішінде халыққа – 447,5 мың, бюджеттік ұйымдарға – 40,9 мың тонна.

Қазіргі күнгі жағдай бойынша халық 317,9 мың тонна көмір немесе қажеттіліктің 71% дайындалыпты.

-“Облыс тұйықтарында 13,7 мың тонна көмір бар, оның ішінде Өскемен қаласында-6,2 мың тонна, Риддер қаласында – 200 тонна, Алтай ауданында – 3,4 мың тонна, Глубокое ауданында – 1,5 мың тонна, Күршім ауданында – 270 тонна, Шемонаиха аудандарында-2,3 мың тонна”,-деді Дидар Кеңесбаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *