Шығыс Қазақстан облысының әкімі Алтай өлкесінің губернаторымен өңіраралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Қазақстан мен Ресейдің 19-шы өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Алтай өлкесінің губернаторы Виктор Томенкомен екіжақты кездесу өткізді.

«Алтай өлкесімен тығыз экономикалық байланыстардан бөлек, бізді халықтарымыз арасындағы өзара әрекеттестіктің ғасырлық тарихына негізделген туыстық байланыстар, мәдени байланыстар біріктіреді. Бұл – одан арғы қарым-қатынастарымызды құру барысында біз сүйене алатын құнды ресурс және әлеует», – деді Ермек Көшербаев.

Алтай өлкесі Шығыс Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады, ағымдағы жылдың 8 айындағы өзара сауда 927 миллион АҚШ долларын құрады. ШҚО әкімінің айтуынша, сауда-көрме шаралары өңіраралық ынтымақтастықты айтарлықтай жандандыра алады. Бұл – қазақстандық өндірушілер үшін ресейліктерді өз өнімдерімен таныстыруға және іскерлік байланыстарды кеңейтуге жақсы мүмкіндік. Екі өңір арасындағы ынтымақтастықтың дәстүрлі бағыттарының бірі мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл болып табылады. Алтай өңірінде 8 мыңнан астам жерлесіміз тұрады. Маңызды шаралардың бірі – жыл сайын өткізілетін «Біздің ортақ үйіміз – Алтай» – Үйлестіру кеңесі. Сондай-ақ соңғы жылдары Лондонда, Қазанда өткен және Анкарада жоспарланған «Ұлы Дала алтыны» халықаралық жобасы табысты іске асырылуда.

Тараптар туризмді дамыту, бал өңдеу және марал шаруашылығы мәселелерін де қозғады.

Алтай аймағының губернаторы ШҚО басшылығына одан арғы ынтымақтастыққа шақырғаны үшін алғыс айтты. Виктор Томенконың айтуынша, біздің өңірлер арасында прагматикалық экономикалық ынтымақтастық қана емес, сондай-ақ шын мәнінде бауырластық тату көршілік қарым-қатынастар да бар. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар іске асыру үшін қажетті бірқатар нақты жобаларды дайындауға келісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *