Осы жылы ШҚО-да қандай ірі мәдени іс-шаралар өтеді?

Осы жылы облысымызда бірқатар мәдени-рухани ірі іс-шаралар өтеді. Бұл туралы облыстық Мәдениет басқармасының басшысы баспасөз брифинг барысында айтты.

Алдағы 2024 жылы тарихи-мәдени мұраны одан әрі сақтау және насихаттау үшін ШҚО-да археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасын іске асыру жалғастырылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, жергілікті авторлардың, оның ішінде жас ақын-жазушылардың шығармаларын басып шығаруды көздейтін «Абай әлемі» кітап сериясы» әдеби жобасы жалғастырылады.

– Бірқатар ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сәйкес» қоғамдық-маңызды және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілетін болады. Ірі іс-шаралардың қатарында «Наурыз – 2024», С. Мұхамеджановтың 100 жылдығына орай, «Айсұлу» операсын қою, «Қызылтас тауына көтерілу» акциясы, Үрмелі оркестрлер фестивалі, «Алтай-түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық форумы, «Туған Жер – алтын бесігім» акциясы, «Бүркітші» фестивалі, Аяз Атаның республикалық шеруі қатарлы шаралар өтетін болады, – дейді ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов.

Айта кетейік, облысымызда 360 мәдени ұйым желісі жұмыс істейді. Соның ішінде 170 клубтық мекеме, 170 кітапхана, 6 мұражай, театр, концерттік ұйым және басқада мәдени ұйымдар бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *