Өскеменде қызылшамен сырқаттанғандар саны артып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында ШҚО СЭБД Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Арман Сағындықов бүгінгі таңда Өскеменде қызылшаның 92 расталған жағдайы тіркелгенін айтты. Негізінен, ауру вакцина алмағандар арасында тіркеліп отыр.

– Біз байланыста болған адамдар тобын және олардың егу мәртебесін анықтай отырып, қызылшаның әрбір жағдайына эпидемиологиялық тексеру жүргіземіз. Медициналық ұйымдарға эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде қызметтік хаттар жіберілді, – деді Арман Сағындықов.

Сонымен қатар Өскеменде қызылша, қызамық және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау басталды.

Сондай-ақ басқарма мамандары денсаулық сақтау ұйымдарында, орта және жоғары білім беру нысандарында, мектепке дейінгі мекемелерде қызылшаның алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізіп, парақшалар, буклеттер мен жадынамалар таратып жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *