Риддерде су басқан үйлердің айналасын тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Еске салайық, Риддердегі судың көп төгілуінен екі үй мен төрт үй маңындағы аумақты су басқан. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев шұғыл жолға шықты, оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар эвакуациялаудан бас тартты.
Қазіргі уақытта су сорылып, іргетастарды кептіруге кірісті. Комиссия келтірілген зиянның сомасын анықтап жатыр. Қажет болған жағдайда кептіру кезеңінде оларды тұрғын үймен қамтамасыз етеді.
Жағдайды аймақ басшысы жеке бақылауында ұстайды.
Ермек Көшербаев су басқан жерді қарап шығып, кез келген жекеменшік иесі жауапкершілік мөлшерін сезінуі тиіс екенін атап өтті.
-Егер бұл дүлей зілзала болса, ол қайталанбас үшін әрекет ету жоспарын ойластыру керек. Жыл сайын мұндай болуы мүмкін емес қой, – деп атап өтті Ермек Көшербаев. – Бұл мәселені шешудің барлық нұсқаларын қарастыру қажет. Олардың ішінен ең оңтайлысын таңдап, ақша бөлу қажет.
Ермек Көшербаев Риддер ЖЭО-да болып, суық түскен жағдайдағы жылу көзінің жұмысын тексерді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл ЖЭО-да ауқымды қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қысқа мерзімде, жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталған. Қазіргі уақытта барлық жабдықтар жұмыс істеп тұр, жұмыста істен шығу мен бұзушылықтар орын алған жоқ. Аймақ басшысы басқарушы компания мен қала басшылығына жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *