ШҚО-да қызылшаға шалдыққандар саны артып келеді

Ақпараттық орталықтың баспасөз конференциясында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямгазина Шығыс Қазақстанда 7 желтоқсандағы жағдай бойынша қызылшаның 146 расталған жағдайы тіркелгенін айтты.

– Сырқаттанған адамдардың негізгі бөлігінің 72,6%-ын 14 жасқа дейінгі балалар (106 жағ.), 23,9%-ын ересектер (35 жағ.) және 3,4%-ын жасөспірімдер (5 жағ.) құрайды, – деді Сәуле Слямгазина.

Спикердің мәліметінше, сырқаттанушылықтың 84,2%-ы егілмеген адамдар арасында тіркелген.

– 6 қарашадан бастап қызылша, қызамық және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау басталғанын атап өткім келеді. Бүгінгі таңда 6 айдан 11 айға дейінгі 8672 және 2 жастан 4 жасқа дейінгі 3723 бала егілді, – деп толықтыра кетті Сәуле Слямгазина.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *