Риддердегі ТЖ-ға шамадан тыс жіберілген су себеп болды

Риддер әкімі Дәулет Батырбаев тұрғын үйлерді су басуға не себеп болғанын түсіндірді.

-«ЛК ГЭС» ЖШС-де су тартудың тоқтап қалуына жол бермеу үшін санкцияланбаған шамадан тыс су жіберілген. Соның салдарынан Хариузовка өзенінде қабыршақ қатып, кептеліс пайда болған. Нәтижесінде жағалаудан асқан су жақын маңдағы аумақты басқан.

Қазіргі уақытта мамандар залалды жедел жою үшін барлық шараларды қолдануда. Су сорылып, іргетастарды кептіруге кірісті.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев оқиға орнына дереу жетті. Ол су басқан үйлердің тұрғындарымен әңгімелесіп, қала басшылығына жағдайды шешудің барлық жолдарын қарастыруды тапсырды. Келтірілген зиянды бағалау үшін лицензияланған ұйым өз жұмысын бастады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *