Катонқарағайда Өрел өзені арнасынан асып, үйлерге су кірді

Катонқарағай ауданындағы Өрел өзені арнасынан асып, су тоғыз үйдің ауласына жайылып, үш үйге кірді.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты өзен арнасына мұз қатып, соның салдарынан судың деңгейі көтерілген.
Оқиға орнына дереу жеткен аудан әкімі төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ол жерде жергілікті атқарушы органның және ТЖБ-ның өкілдері жұмыс істеп жатыр.
– Арнайы техникалар жұмылдырылды. Мотопомпалармен суды сыртқа шығарды. Құм салынған қаптардан бөгеттер қойылды. Өзен арнаны қар-мұздан тазарту жұмысы жалғасады. Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі үшін барлық тиісті жұмыстар атқарылуда, – деді аудан әкімі Ділдар Қалиқан.
Жағдай жергілікті биліктің тұрақты бақылауында.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *