Катонқарағайдағы туристік ақпараттық орталық бірнеше тілде қызмет көрсетеді

Биыл Катонқарағай ауданының орталығы – Үлкен Нарын ауылында ашылған таулы өлкеге саяхаттаймын деушілерге жан-жақты ақпарат беретін заманауи сипаттағы туристік ақпараттық орталық үш тілде қызмет көрсетеді.

Туристік ақпараттық орталықта саяхат турлары мен маршруттары, демалыс орындары, тарихи-мәдени орындар туралы мәлімет беріледі. Мұнда алыстан келген жолаушылардың отбасы мүшелерімен бірге аялдап, тынығып алуына да барлық жағдай жасалған.

Тіпті шетелден келген туристердің жағдайы да ескерілген. Мұндағы қызметкерлер үш тілде еркін қызмет көрсетіп, керекті ақпаратты бере алады.

– Осында келген туристерге аудан аумағында көрсетілетін сан алуан қызмет туралы да барынша толық әрі жан-жақты ақпарат беру маңызды. Сондай-ақ мұндағы мәліметтер базасын туристерге арналған облыстық ақпараттық палтформамен интеграциялау қажет, – деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *