ШҚО құтқарушылары жаңажылдық мерекелердегі қауіпсіздік ережелері туралы айтып берді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментінің өкілдері жаңажылдық мерекелердегі қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді.

ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Медет Мұқашев атап өткендей, мерекелік көңіл-күйге масаттанғанадамдар қарапайым сақтық шараларын ұмытып,соңы неге әкеп соғатыны туралы ойланбастан қауіпті фейерверктерді, петардаларды және басқа да бұйымдарды сатып алып, пайдаланады. Сонымен қатар пиротехникалық бұйымдардыңдұрыс пайдаланылмауы көбінесе жаңажылдық өрттерге себеп болып, тұрғындарға жарақат алу қаупін туғызады.

– Фейерверктер мен шартылдақтарды арнайыдүкендерден ғана сатып алу керек, ғимараттар мен құрылыстарға 50 метр жақын жерде салют атуға, сондай-ақ желді ауа райында пиротехникалық бұйымдарды қолдануға рұқсат етілмейді, – деп толықтыра кетті Медет Мұқашев.

ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Анастасия Склярдың айтуынша, өрттің алдын алу мақсатында жыл сайын, жаңажылдық мерекелер алдында ТЖ департаментінің қызметкерлері полицейлердің қатысуымен пиротехникалық өнімдерді сатуғарұқсат етілмеген орындарды анықтау мақсатында облыс базарларында кәсіби рейдтер өткізеді.

– Рейдтер өткізу барысында сауда нысандарының басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Бүгінгі таңда ТЖБ және өрт сөндіру бөлімдері қызметкерлерінен 32 адамнан тұратын 11 жедел топ құрылды. Қазіргі таңда 21 рейд жүргізіліп, 624 ақпараттық жадынама таратылды, – деді Анастасия Скляр.

Өскемен қаласының полиция басқармасы басшысының орынбасары Орал Рыспаев сертификатталмаған пиротехниканы сатқаны үшінәкімшілік жауапкершілік көзделгеніне баса назар аударса, Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Абзал Күзембаев бүгінгі таңда облыста 4 ұйымрұқсат алғанын айтты: Өскемен қаласында 2 және Алтай ауданында 2.

Баспасөз конференциясының соңында құтқарушылар фейерверктерді сатып алғандаолардың сақталу және сатылу мерзіміне назар аудару керектігін, егер тауардың мерзімі өтіп кетсе, оны ешбір жағдайда пайдалануға болмайтынын атап өтті. Пиротехниканы пайдаланғанда темекі шегуге және оны балалардың іске қосуына қатаң тыйым салынады. Тұрақтағы автомобильдерге жақын жерде зымыран атуға болмайды. 50 метр радиуста өрт қауіпті объектілер болмауы тиіс. Көрермендер отшашу іске қосылатын алаңнан 15-20 метр қашықтықта болуы тиіс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *