ШҚО-ның Шемонаиха ауданында суармалы жерлердің көлемін ұлғайтып жатыр

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акулов ауданда суармалы егістік алқаптары жоспарлы түрде ұлғайтылып жатқанын айтты. Өткен жылмен салыстырғанда суармалы жерлердің ауданы 660 гектарға ұлғайып, 1420 гектар болды.

– Ағымдағы жылы топырақ құнарлылығын арттыру үшін аудан шаруашылықтары 10 мың тоннаға жуық түрлі минералды тыңайтқыштар енгізді. Бұдан басқа, шаруашылықтар 180-нен астам жаңа ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатып алды, – деді Григорий Акулов.

Сонымен қатар «Рулиха» ЖШС-де тауарлы-сүт фермасын 600 бастан 1080-ге дейін арттыру аяқталып қалды.

– Ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығы мен омарташылықты дамытуға «Ауыл Аманаты» шағын несиелендіруді мемлекеттік қолдау аясында шаруашылықтар 45 млн теңге алды, ал «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша 8 жоба мақұлданды, – деп толықтырды спикер.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шемонаиха қаласында 47 ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп, жалпы сомасы 385,5 млн теңгеге 260,7 тонна өнім сатылды. Бөлшек сауда айналымы – 17 млрд астам теңге.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түсетін кіріс 8% -ға артып, 2,6 млрд астам теңгеге жетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *