ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2,2 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу барысында 2,2 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Денис Шакенов хабарлады.

«Мысалы, ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Самырсын орман шаруашылығы» КММ осы ұйымның қызметтік автомобиліне іс жүзінде пайдалануға келмейтін қозғалтқыш сатып алуды жоспарлаған. Біздің ұсынысымыз бойынша ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы сатып алуды қайта қарастырып, нәтижесінде үнемделген 5 млн теңге ұйымның нақты қажеттіліктеріне бағытталды», – деп атап өтті Денис Шакенов.

Бұл бағыттағы жұмыс келесі жылы да жалғасатын болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *