ШҚО Күршім ауданында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 12 үйдің құрылысы жүріп жатыр

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышов бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 377 адам, оның ішінде 62 көпбалалы отбасы тұрғанын айтты. Осы мәселені шешу үшін «Бір қабатты Шығыс» аймақтық бағдарламасы аясында ауданның 11 елді мекенінде 16 үй салынды.

– Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 8 елді мекенде 12 жеке үй (Қарашілік-1, Қайнарлы-1, Алғабас-1, Жолнұсқау- 2, Қаратоғай- 3, Бурабай- 1, Топтерек- 1, Марқакөл- 2) салынып жатыр. Нәтижесінде 12 көпбалалы, аз қамтылған отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады, – деді Алмат Ақышов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *