2024 жылы ШҚО Ұлан ауданында 74 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі Дәулет Рахметқалиев ағымдағы жылы ауданда 4,5 млрд теңгенің 74 жобасын жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты.
“2024 жылы Таврия ауылында қазандықтың құрылысы басталады, сондай-ақ Таврия және Бозанбай ауылдарында мал қорымдары салынады. Сонымен қатар биыл Қасым Қайсенов кентіндегі мәдениет және демалыс орталығының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз”, – деді Дәулет Рахметқалиев.
Сонымен қатар Ұлан ауданында 7 ауылдың жолдарын және Алмасай ауылының сумен жабдықтау жүйесін жөндеу жоспарланған. Бұдан басқа, ауданның 8 ауылында балалар мен спорт алаңдары жөнделіп, салынады.
“Сондай-ақ ағымдағы жылы Сағыр және Айыртау ауылдарындағы ҚТҚ арналған учаскелерді қоршау жоспарымызда бар. Балалар лагерін ағымдағы жөндеу, Бозанбай орта мектебі мен Герасимовка және Айыртау ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларды, Ұлан ауылындағы ауылдық клубты күрделі жөндеу жоспарланған”, – деп толықтырды Ұлан ауданының әкімі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *