Глубокое ауданында жаңа туристік нысандар пайда болады

Алдағы жылдары Глубокое ауданында кемпинг-аймақтар, сауда орындары, қонақ үйлер, беседкалар, SPA-орталық және басқа да көптеген нысандар салу жоспарланып отыр.
Ауданның табиғаты мен географиялық орналасуы туризмді дамыту үшін бизнеске барлық мүмкіндікті ұсынады.
– Біз «Горная Ульбинка және «Алтайские Альпы» ТШК туристік бағытын дамыту тұжырымдамасын әзірледік», – деді Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов ШҚО ӨКҚ өткен брифинг барысында. – Бірнеше жыл ішінде мемлекет пен бизнес жоспарлы түрде бәсекеге қабілетті туристік бағыт құратын болады.
Көру алаңы, кемпинг-аймақ, жәрмеңке аймағы бар сауда орындары, велосипедті жалға алу, жағажай аймағы, балалар алаңы бар аллея, сондай-ақ SPA-орталық, қонақ үйлер, жабық бассейн, футбол алаңы, «The Forest» мейрамханасы орналасқан жерде жылдам тамақтану пунктін салу жоспарда бар. Туристердің көптеп келуі үшін «Алтай Альпілері» тау-шаңғы курортында мейманхана, жылы беседкалар, бугельді арқан жолдар және бэби-лифт салу жоспарланып отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *