Өскеменде 8 ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы 21 объекті бойынша тексеру іс-шарасын жүргізді. Нәтижесінде 19 құрылыс салушы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аталған басқарма басшысының орынбасары міндетін атқарушы Самат Қаирдинов мәлім етті.
– Басқарма заңдылықты бақылау мәніне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді, оның нәтижелері бойынша 8 ұйым «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 320-бабы бойынша, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Самат Қаирдинов.
Брифинг барысында басқарма басшысының орынбасары міндетін атқарушы салынып жатқан тұрғын үйден тұрғын үй сатып алуды жоспарлау кезінде «ҚЖК» АҚ (homeportal.kz) тұрғын үй порталының сайтында ақша тартуға тиісті рұқсаттың бар жоғын өз бетінше тексеруге болатынын атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *