Семейде кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеде 300-ге жуық қызметшілерге және 400 жұмыс мамандығына барлығы 700-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды.

 

Қалалық мәдениет сарайында кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтті. Оған 200-ден астам ізденуші және 30-ға жуық қала мекемелері қатысты. “Қаражыра” АҚ, “Семей машина жасау зауыты”, “Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты”, “Семей цемент зауыты ӨК” ЖШС, “Семей Құрылыс материалдары”,” Каполиграф”,” Гордорстрой”,” Казахцемент”,” Daewoo Bus”,” Прииртышская бройлерлік құс фабрикасы”,” Роза ВВК”,” Эйкос”,” Семей құю-механикалық зауыты “және т. б. кәсіпорындардың өкілдері бос орындарды ұсынды.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкеде жұмысшы мамандықтар сұранысқа ие.

 

– Жәрмеңке жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша өткізіледі. Бүгінгі жәрмеңкеде 800-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылады. Халықтың барлық санаттары қатысады. Негізінен жұмысшы мамандықтарға қызығушылық танылуда. Жәрмеңке біздің қала тұрғындары үшін қажет, өйткені мұнда адамдар жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, делдалсыз еңбек жағдайларын талқылай алады. Жәрмеңкеден кейін біз талдау жүргіземіз,  қанша адам қатысты деп есептейміз. Жұмысқа орналасу пайызы 40% құрайды, – дейді Жұмыспен қамту орталығының директоры Тұрсынбек Шинжин.

 

Мұнда барлығы 700-ден астам бос жұмыс орындары бар. Қала тұрғындарына әлеуметтік жұмыс орындары мен ақылы қоғамдық жұмыстар ұсынылады. Жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері үшін жастар тәжірибесі, сондай-ақ “Еңбек” Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы және аумақты дамыту бағдарламасы шеңберінде кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби оқыту курстары ұсынылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *