Семейге тарихи-мәдени экспедициясы келді

Олар Абай атындағы кітапханада қалалық белсенді жастармен және этно-мәдени бірлестіктермен кездесті.

 

Бұл экспедиция Павлодар облысынан өтіп, енді ШҚО-ға келді. Кездесу барысында экспедицияға қатысушылар саяхат туралы өз әсерлерімен бөлісіп, туған жердің тарихын білу қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Экспедицияның басты мақсаты-жастарды туған өлкенің тарихымен таныстыру және өскелең ұрпаққа патриоттық сезімді тәрбиелеу.

 

– “Рухани жаңғыру” бағдарламасы  аясында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Олардың бірі-біздің экспедиция. Біздің мақсат тек бағыт бойынша жүріп қана қоймай, тарихты танып, жастарға патриоттық тәрбие беру. Біздің экспедицияның барлық қатысушылары – әр түрлі конкурстардың қатысушылары мен жеңімпаздары. Экспедиция кезінде біз фото-бейне түсіреміз және барлық осы ақпаратты әлеуметтік желілерге таратамыз. Осылайша бізбен бірге көптеген жазылушыларымыз да бірге саяхаттайды, – дейді Қарағанды облысы әкімдігі аппараты жанындағы “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Ерлан Құсайынов.

 

Осы уақыт ішінде экспедицияға қатысушылар  көптеген тарихи және маңызды жерлерге барады.

 

– Экспедиция қорытындысы бойынша брифингтер өткізіліп, телевизиялық бағдарламалар түсіріледі. Онда қатысушылардың әрқайсысы сапар туралы өз әсерлерімен бөліседі, – деп түйіндеді Ерлан Құсайынов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *