Тұңғыш Президент Күнінден 50 семейлік отбасы баспаналы болды

        Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Қарағайлы жаңа шағын ауданындағы пәтерлердің кілтін табыс етті. Бүгін балалар үйінің 27 түлегі мен 23 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлайды.

         – Мен сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Бұл күнді біз еліміз үшін үлкен мақтанышпен атап өтеміз. Бүгін біз сіздерге жайлы өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған осы тамаша шағынаудандағы пәтерлердің кілттерін табыстаймыз. Жақында мұнда әлемдік деңгейдегі мәдени-спорт кешені ашылады. Сіздің балаларыңыз спортпен шұғылдануға тамаша мүмкіндік алады. Мен сіздерді осы тамаша күнмен және жаңа қоныспен шын жүректен құттықтаймын.  Өз еліңізді,жеріңізді, Отаныңызды сүйіңіз. Тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты құрметтеңіздер, – деді Даниал Ахметов.

         Пәтер кілтін көп балалы ана Гүлжахар Қоныспаева алды. Ол алты баланы тәрбиелеуде, алдағы жылы отбасында тағы бір бала дүниеге келеді.

        – Мен облыс және қала әкімдігіне үлкен ризашылығымды білдіремін. Біз он жыл кезекте тұрдық. Бүгін міне,  арманымыз орындалып,  баспаналы болып жатырмыз. Барша көп балалы отбасылардың өз үйлері болғанын қалаймын,- деді Гүлжахар Қоныспаева.

        Балалар үйінің түлегі Берік Қайлыбаевтың отбасына екі бөлмелі пәтер алу туралы жаңалық күтпеген жағдай болды. Бүгінгі күнге дейін ол жұбайымен және бір жастағы ұлымен бірге шағын отбасылық жатақханада тұрып келген.

         – Мен өте қуаныштымын! Кезекте 10 жыл тұрдым. Қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Барлығына үлкен рахмет!-деп алғысын білдірді Берік Қайлыбаев.

        Бірақ баспанамен қатар,  ШҚО әкімі Даниал Ахметов Берікке теледидар сыйлады. Сондай-ақ, бұл сыйды  көп балалы отбасы Салтанат Қайырбекова да алды.

        Даниал Ахметов қуаныш иелеріне пәтер кілттерін табыстап, жаңа қоныс иелерін тағы бір мәрте құттықтады.

        Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *