Бірыңғай жиынтық төлем деген не?

         Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде 1 қаңтардан бастап өзгерістер болады. Қалада бейресми жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және жұмыспен қамтуға тарту жөніндегі жұмыс тобы құрылды.Комиссия құрамына әкімдіктің дербес бөлімдерінің басшылары, көші-қон полициясының, жергілікті полиция қызметінің, еңбек инспекциясының, денсаулық сақтау және т.б. өкілдері енгізілді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Семей қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімі, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу және медициналық қызметкерлері айтты .

        Баспасөз конференциясы барысында атап өтілгендей, БЖТ төлеу келесі мүмкіндіктерді береді: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға және МӘМС енгізілгеннен кейін медициналық мекемені таңдау құқығымен сомасы мен түрлері бойынша шектеусіз медициналық қызметтерге қол жеткізуге; жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға және жүйеге қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алуға құқығы бар. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында өзінің зейнетақы жинақтарын толықтырудан басқа, БЖТ төлеушілері үшін еңбек өтілі белгіленуіне байланысты жоғары мөлшерде базалық зейнетақы алуға, еңбек ету қабілетінен айырылған, жұмысынан айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырап алған, бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндігі бар.

          БЖТ төлеу ерікті негізде өз қалауы бойынша жүргізіледі. Жүйеге қатысу құқығы жеке тұлғаның өз еркінде болады. Оған бірыңғай жиынтық төлемді төлемегені үшін жауапкершілікке тарту бойынша қандай да бір шаралар қолданылмайды.

          Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *