Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев Семей қаласының ақпараттық орталығында өткен баспасөз мәслихатында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде ақпарат берді.

        Брифинг барысында аудан басшысы ірі қара мал басының көбейгенін атап өтті. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 26391,5 млн теңгені құрайды. Негізгі капиталға инвестиция екі жарым есеге өскен.

        Сондай-ақ, Ділдәбек Оразбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын ұстап тұру бойынша жергілікті атқарушы органдар қабылдап жатқан шаралар жөнінде де мағлұмат берді.

        – Апта сайын  демалыс күні біз ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткіземіз. Онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы нарықтық бағадан айтарлықтай төмен, – деді Ділдәбек Оразбаев.

         Аягөз ауданының әкімі бейнебақылау камераларының орнатылып жатқандығын да айтты.

        – Біз полиция басшылығымен бірлесе отырып, құқық бұзушылық жиі орын алып жатқан көшерлерге  мониторинг жүргізіп,  онда бейнебақылау камераларын орнаттық. Барлығы 40-тан астам камера қойылды. Қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді.  Қабылданған шаралар нәтижесінде қаладағы қылмыс саны бірден төмендеді, – деді аудан әкімі.

        Ол сондай-ақ, бейнекамераны орнату келесі жылы да жалғасатынын хабарлады. Теміржол бойы  өтетін Ақтоғай ауылында 20-ға жуық камераны орнату жоспарлануда.

        Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *