Семейде “Абай әлемі” кітап сериясының екінші бөлігінің тұсаукесері өтті

Бүгін Абай театрында әдебиетке жаны құштар жандар үшін – “Абай әлемі”кітап сериясының тұсаукесері өтті. Театр фойесіне осы сериядағы кітаптар авторларының фотопортреттері мен кітап көрмесі қойылды. Кітапхана қызметкерлері кітап қорының толықтырылғаны туралы айтып берді.

“Абай әлемі “кітап сериясы жанры мен тақырыбы бойынша әртүрлі жазушылар, ақындар мен өнер адамдарының шығармаларын біріктіреді. Өткен жылы жарық көрген бірінші шығарылымда қазақ әдебиетінің ұлы классиктері – Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов және т.б. шығармалары жиналған. Екінші бөлімде танымал, талантты жерлестерімізге ерекше көңіл бөлінді.

Оның ішінде: Тыныштықбек Әбдікәкімовтың “Жұмақ күн”, Қалихан Алтынбаевтың “Қайран “өмір…”, Көпен Ерқасовтың “Елім менің”, Айтмұхамбет Қасымовтың “Туған жер әуендері”, Бақытжан Раисованың “Желдің күн беті”, Станислав Черныхтың “Неутомимый краевед Рудного края”, Мерей Қарттың”Қарашықтағы құбылыстар “, Бауыржан Игілік пен Қызырбек Дүргінбайдың шығармалары бар.

Шараға қатысқан қала әкімі жиналған қауымды құттықтап, Шығыс Қазақстан шығармашыл таланттарға бай екенін атап өтті.

– Біздің өңіріміз тарихи және талантты жандарға бай. Бұл жерде ақын және ағартушы Абай Құнанбаев, философ Шәкәрім Құдайбердиев, жазушы Мұхтар Әуезов, Федор Достоевский, Евгений Михаэлис, Георгий Гребенщиков, Анатолий Ивановтар өмір сүрді. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың қолдауымен “Абай әлемі”кітап сериясы жобасы жүзеге асырылуда. Жоба еліміздің мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылатын талантты жерлестеріміздің әдеби мұрасын жаңғыртуға және танытуға бағытталған. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Тыныштықбек Әбдіқақымовтың философиялық шығармалары жаңа басылымның әдеби мұрасы болды, – деді Ермак Сәлімов. – “Абай әлемі” кітап сериясы жалғасады. Ұлы ақын-ағартушының 175 жылдығына орай Абай өлеңдерінің репринттік жинағын, ғалым-абайтанушылардың таңдаулы зерттеулерін басып шығару жоспарланып отыр. Кітап сериясымен жарыққа шыққан барлық басылымдар “Шығыс Қазақстанның сандық жылнамасы”электрондық кітапханасында цифрланып, орналастырылады.

Ядролық полигонның жабылуына 30 жыл толуына орай ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі және Журналистер Одағының мүшесі Сәуле Досжан қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген “Қасірет пен тағдыр” (“Трагедия и судьба”) атты жаңа кітабы таныстырылды. Романда басты кейіпкердің тағдыры арқылы қазақ халқының трагедиясы, атап айтқанда Семей ядролық полигоны аумағында тұрған адамдардың қасіреті байқалады.

Кітап сериясының бас редакторы, жазушы Медеу Сәрсеке жастарды кітап оқуға шақырды.

Кітап сериясында ұсынылған гамма бірнеше түстерге бөлінеді. Сұр кітаптар – өлкетанушылардың жинақтары, көк жинақта-айтыскерлердің шығармалары, жасыл, қызыл кітап– поэзия мен прозаға арналып отыр.

– Кітап сериясы бес жылға есептелген. Осы уақыт ішінде біз кез келген жастағы оқырмандарды оқуға қызықты болатын көптеген жерлестеріміздің кітаптарын шығаруды жоспарлап отырмыз. Серияның мақтанышы-жүз жыл бұрын жарияланған өлкетанушылар жинақтары. Оған қаламыздың өлкетану тарихында өз ізін қалдырған көптеген танымал зерттеушілердің еңбектері енді. Жалпы, жоба жазушыларымыздың мәдени-әдеби мұрасын дамытып, Қазақстанның “Әдеби кодын” дамытуға елеулі үлес қосатын жергілікті авторлардың шығармаларын насихаттауды көздейді, – дейді Шығыс Қазақстан Абай атындағы әмбебап кітапханасының даму бөлімінің басшысы Рахилә Әдикаева.

Жобаның барлық кітаптары облыстық кітапханалар қорына беріліп, ал олардың сандық көшірмелері Қазақ ұлттық электрондық кітапханасына жіберіледі.

Тұсаукесер соңында қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынылды.

no images were found

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *