Семей қаласында қазақ мергені, Қызыл Жұлдыз орденінің және Отан соғысы орденінің кавалері Баян Байғожинаның есімі берілген көше пайда болды.

Көшенің салтанатты ашылуы қала әкімінің және еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен өтті.

Осы жылдың басынан бастап Семей қаласының бір көшесіне снайпер қазақ батыры Баян Байғожина есімін беру мәселесі қызу талқыланып, желтоқсан айының соңында ғана оң шешім қабылданды. Енді, ет комбинаты ауданындағы Красназнаменная көшесі атақты жауынгер қыздың есімі берілді.

– Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен аталарымыздың ерліктері барлық қазақстандықтардың жадында мәңгі қалады. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Семейдің бір көшесіне Баян Байғожина есімі берілді. Бүгінгі күні елімізді болашақ ұрпақ үшін қорғап қалғандардың ерлігі мен батырлығын бағалайтын жастар да жиналды, – деді Ермак Сәлімов.

Сондай-ақ, еңбек ардагері Александр Коновалов, зейнеткер, еңбек сіңірген педагог Түгелжан Әзімжанова құттықтау сөз сөйледі.

– Жерлестер атынан, бүкіл қазақ халқының атынан әскери тілші Павел Кузнецовқа шексіз алғысымды білдіргім келеді. Мен “Правда” газетінде Баян туралы мақала жазылмаса, оның ерлігі туралы болашақ ұрпақ білмей қалар ма еді. Жеңіс бізге Баян сияқты батырлардың табанды ерлігімен берілді, – деді Түгелжан Әзімжанова. Салтанатты ашылу рәсімінің соңында қонақтарға шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.

Баян Байғожина елді обадан қорғады. Майданда батырлық танытып, сол үшін Қызыл жұлдыз және Отан соғысы ордендеріне ие болды. Баян Байгожина жеңіске 12 күн қалғада көз жұмған.

Соңғы үш жылда Семейде бірнеше көше жаңа атау алды. 2017 жылы Дальняя көшесіне Кеңес Одағының батыры Закария Белібаевтың есімі берілді. 2018 жылғы 25 мамырдағы Республикалық ономастика комиссиясының отырысында Полковничий аралын Бейбітшілік аралына, Ленин көшесін Мәңгілік ел көшесіне қайта атау туралы шешім қабылданды. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені енді атақты балуан Жақсылық Үшкемпіровтің есімімен аталады. 2018 жылы Республикалық ономастикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 7 ұсыныс яғни, Комсомол көшесін Жібек жолы, Кутузов көшесін Ардагерлер көшесіне, Колхозная көшесін Берел көшесіне, Социалистическая көшесін Самал көшесіне, Декабристов көшесін Нұрсая көшесіне, Строительная көшесін Тұрсынғазы Рахимов көшесіне және Крупская көшесін Әзілхан Нұршайықов көшесіне қайта атау туралы оң қорытынды шығарылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы қаланың оқу орындарына көрнекті тұлғалардың есімін беру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен, № 49 орта мектеп Абай Құнанбаев, №37 гимназия – Ыбырай Алтынсарин, № 3 орта мектеп – Мұхтар Әуезов, № 2 орта мектеп – Қаныш Сәтпаев, № 39 орта мектеп – Әлихан Бөкейхан, № 47 орта мектеп – Ахмет Байтұрсынов, ал Балалар музыка мектебі Теміржан Базарбаевтың атын алады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *