Семейде халықаралық бейнелеу өнері көрмесі ашылды

        Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде «Тау мен дала әуені» атты халықаралық көрме ашылды. Экспозицияға 60 артық кескіндеме, графика және сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылды. Тамаша бейнелердің авторлары Алматы, Нұр-Сұлтан, Щучинск қалаларының сондай-ақ, Оңтүстік Кореяның танымал суретшілері. Олардың арасында кәсіби суретшілер, Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшелері және шығармашылық жастар да бар. Көптеген шеберлер Еуразиялық шығармалышылық Гильдияның мүшелері болып табылады. Бұл гильдия өнердің барлық салалары мен нысандарының адамдарды біріктіруге арналған алаң болып табылатын комерциялық емес, қоғамдық ұйым. Бүгінгі таңда қазақстандық Гильдияда 130-ден астам мүше бар.

        Көрменің ашылуын суретшілер Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойына арнап отыр. Экспозицияда пейзаждар, қала көріністері, натюрморттар, ұлттық тақырыптағы сюжеттік картиналар, интерьерлік кескіндеме және қолданбалы жұмыстар көрсетілді. Суреттерден басқа, мұнда қолөнершілер жасаған ұлттық сәукелелер де ұсынылған.

        – Бүгінгі көрмеге қазақстандық және шетелден келген 15 суретші қатысып отыр. Суреттер әр түрлі техникада жасалған. Бұрын біз бұл көрмені Нұр-Сұлтанда, Парижде, Лондонда, Брюссельде өткізіп, бүгін енді Семей тұрғындарына таныстырып отырмыз. Шетелде көрмені өте жақсы қарсы алды. Қазақстан олар үшін экзотикалық ел болғандықтан, олар біздің ұлттық стилінде жасалған жұмыстармен танысты, – дейді көрменің кураторы Бибігүл Смақова.

        Көрменің ашылуына қала әкімі Ермак Сәлімов, қала жастары және суретшілердің өздері қатысты.

        – Мен бүгін Семейде болғаныма өте қуаныштымын. Бұл қалаға алғаш келуім. Бүгін өте қызықты суреттер ұсынылған. Мен сондай-ақ үш суретімді осында ұсынып отырмын, мені осы көрмеге шақырғанына өте қуаныштымын, – деді оңтүстіккореялық суретші Джонок Лим.

        Аталмыш көрмет қалалықтар үшін наурыз айына дейін жалғаспақ. Болашақта ұйымдастырушылар оны Өзбекстан мен Еуропада өткізуді жоспарлап отыр.

        Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *