Семей билігі әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны ұстап тұру үшін шаралар қолдануда

Бағаны ұстап тұру үшін Семей әкімдігі мен сауда нүктелері арасында меморандум жасалды. Тізімде әлеуметтік маңызы бар 19 тауар түрі бар. Бүгінгі таңда 208 меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, тұрақтандыру қорынан жеміс-жидектер мен көкөністерді жеткізу бойынша меморандумдар жасалды.

– Қазіргі уақытта қаланың қоймаларында мен сауда объектілерінде азық-түлік тауарлары жеткілікті. Тұрақтандыру қоры жұмысын жалғастыруда. Жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуге 43 меморандум жасалды. Сонымен, ол дүкендерде өнім 77 теңгеден қымбат емес бағамен сатылып жатыр, – дейді Семей қалалық кәсіпкерлік бөлімі бастығының орынбасары Анжела Маслова.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *