Семейде ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізілді

Семей қаласының полиция қызметкерлері қала үкіметі мен прокуратурамен бірлесіп төтенше жағдай талаптарының сақталуын тексеру үшін рейд жүргізді. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына қарамай, белгіленген уақыттан кейін жұмысын жалғастырған қалалық ойын-сауық мекемелері басты назарда болды. Олардың бірінде, мысалы, келушілер мекеменің жабылуына дейін есептесіп үлгермеді. Бұл жағдай тәртіптің бұзылуына әкеп соқты.

Осы күні тәртіп сақшылары төтенше жағдай режимін бұзған 9 ойын-сауық мекемелерін жауапкершілікке тартты. Полицейлер олардың иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, айыппұлдар салды. Шектеулерді орындамағаны үшін 10 АЕК (26,5 мың теңге) айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

Елімізде төтенше жағдай 16 наурыздан 15 сәуірге дейін енгізілді. ТЖ режимінің талаптарына сәйкес, ірі сауда орындарының жұмыс уақыты 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеулі. Кафелер мен мейрамханалар жұмыс кестесін сағат 22: 00-ге дейін қысқартып, келушілер санын 50 адамнан аспауы керек.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *