Семейде барлық дәріханалар медициналық бетперделермен толық қамтамасыз етілген

Шектеу шараларын қолдану кезеңінде Семей қаласында азық-түлік нүктелерінен басқа барлық ірі сауда нысандары жабылады. Санитарлық-зарарсыздандыру іс-шаралар күшейтіліп, медициналық бетперде кию енді міндетті болады. Қала әкімі Ермак Сәлімов онлайн-брифингте бүгінгі күні маскалар өндірісі жолға қойылғанын және барлық қалалық дәріханалар олармен толық қамтамасыз етілгендігін хабарлады.

–Бүгінде медициналық бетперде өндірісі жолға қойылған. Біз олармен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қамтамасыз еттік, бұл 102 мыңнан астам адам. Бетперде шығаратын кәсіпорынның өнімділігін арттыруға ниеттіміз. Әзірге күніне бетперде саны 20 мыңға толықтырылады деп жоспарлап отырмыз, – деді әкім.

Бүгінгі күні қалада 166 дәріхана жұмыс істеуде, олардың бәрі бетперделермен толық қамтылған.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *