ШҚО-да Қасым Қайсеновке арналған көрме ашылды

Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтің шығармашылығына арналған көрме ашылды.

Көрмеде жазушының музей-қорықтың қор топтамасынан алынған кітаптары, киімдері және мемориалдық бұйымдары қойылып отыр.

– Мұнда еліміз тәуелсіздік алған жылдары Қасым Қайсеновтің «Халық қаһарманы» атағын Елбасымыздың қолынан алған кездегі фотосуреті сақталған. Бұдан бөлек көрмеде батырдың жұмыс үстелі, жазу құралдары қойылған. Сондай-ақ Қасым Қайсеновке жерлестері тарту еткен граниттен жасалған қалам қойғыш та осында сақтаулы тұр, – деді облыстық этнографиялық музей директорының орынбасары Гүлжан Кашаку.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *